Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАлакөл бүгінде Қазақстандағы ең танымал туристік бағыттардың біріне айналды.
Жыл сайын көл жағалауына келетін демалушылар саны артып, өңірдің туристік әлеуеті күшейіп келеді. 2026 жылы өңірге рекордтық 2 миллион турист келеді деп күтілуде. Табиғатының көркемдігі, емдік қасиеті бар суы және жаңарып жатқан инфрақұрылымы Алакөлді отандық туристер үшін тартымды демалыс орнына айналдырды.
Алакөлдің басты ерекшелігінің бірі – минералдарға бай суы мен ерекше табиғаты. Мамандардың айтуынша, көл суы мен жағалауындағы климат ағзаны қалпына келтіруге қолайлы. Сондықтан мұнда тек демалып қана қоймай, денсаулығын нығайту мақсатында келетіндер де аз емес.
Туризмнің дамуы өңір экономикасына да оң әсерін тигізуде. Жаңа жұмыс орындары ашылып, шағын және орта бизнес қарқынды дамып келеді. Жергілікті кәсіпкерлер туристерге арналған қызмет түрлерін кеңейтіп, ұлттық тағамдар, экскурсиялар, судағы ойын-сауық пен белсенді демалыс бағыттарын ұсынуда.
Соңғы жылдары Алакөлге жету де әлдеқайда жеңілдеді. Туристік маусымда теміржол бағыттарының саны көбейіп, әуе рейстері ұйымдастырылып, автожолдар жаңғыртылуда. Бұл еліміздің түкпір-түкпірінен келетін демалушылар үшін қолайлы жағдай қалыптастырды.
Алакөлдің дамуы цифрлық технологиялармен де тығыз байланысты. Өңірді дамытудың мастер-жоспары бойынша заманауи туристік-рекреациялық аймақ құру көзделген. Жоба тәулігіне 75 мың турист қабылдай алатын инфрақұрылым қалыптастыруды қамтиды.
Оның ішінде жағалауды нығайту, көшелерді абаттандыру, көлік жүйесін жетілдіру, цифрлық сервистерді енгізу және тұрақты интернетпен қамтамасыз ету қарастырылған.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары