23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Ішкі істер министрі Ержан Саденов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында облыс әкімі Ермек Көшербаевпен бірге өңір активімен кездесіп, Қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысын талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында өңірдің ішкі істер органдары мен қылмыстық-атқару жүйесі, сондай-ақ Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылығының ғимараттарын реконструкциялау мен күрделі жөндеуден өткізу бойынша өзекті мәселелер қаралды.
Талқылау қорытындысы бойынша тергеу изоляторын, Өскемен қаласының сол жағалау және Үлбі полиция бөлімдерінің ғимараттарын, сонымен қатар облыстық департаменттің басқа да нысандарын салу туралы шешім қабылданды.
Сондай-ақ ІІМ басшысы облыс әкімімен бірлесіп, Мемлекет басшысының Жарлығымен жаңадан құрылған Катонқарағай және Марқакөл аудандарының полиция бөлімдерінің материалдық-техникалық жағдайын тексеріп, ағымдағы жылдың соңына дейін жөндеу жұмыстарын аяқтау туралы шешім қабылданды.
Өз кезегінде өңір әкімі жергілікті атқарушы органдарға полицияның тиімді жұмыс істеуі үшін жағдай жасауға қаражат бөлу мәселелерін жедел қарқынмен шешуді тапсырды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік