Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрЦифрландыру және тұрмыстық қылмыстарды төмендету – ішкі істер министрі СҚО полицейлеріне маңызды міндеттерді атқаруды тапсырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Еліміздің ішкі істер министрі Ержан Саденов Солтүстік Қазақстан облысына іссапармен барып, облыстық полиция департаментінің басшылығымен және жеке құрамымен кездесті. Ведомство басшысы өңір полицейлерінің алдына бірқатар маңызды міндеттер қойды. Олардың қатарында – цифрлық технологияларды қолдану аясын кеңейту, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуды күшейту, су тасқынынан кейін қоғамдық қауіпсіздікті сақтау. Министрдің айтуынша, Солтүстік Қазақстанның халқы ұйымшылдығын көрсетіп, жергілікті атқарушы органдары су тасқынына күрес шараларын белсенді қолға алған.
Сондай-ақ Ержан Саденов облыс полицейлерін заңнамалық өзгерістер шеңберінде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық деңгейін төмендету жөніндегі жұмыстарға бағыттады, оған сәйкес бірқатар құқық бұзушылық құрамы әкімшілік кодекстен қылмыстық кодекске ауыстырылды. Анықтау органдарының алдына отбасы мен тұрмыс саласындағы ауыр қылмыстардың алдын алу үшін заңнамадағы жаңа өзгерістерді барынша тиімді пайдалану міндеті қойылды. Сонымен бірге жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, мас күйде жасалатын қылмыс санын азайту бойынша барлық шараны қабылдау маңызды екені айтылды.
Бұдан бөлек, министр қызметтік тәртіпті нығайтуға баса назар аударды. Кездесу соңында ІІМ басшысы мен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов тәртіп сақшыларын келе жатқан кәсіби мереке — Қазақстан полициясы күнімен құттықтады.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова