Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері толықтай бейнебақылаумен қамтылуы керек. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру бойынша қазіргі уақытта ІІО-мен үлкен жұмыстар атқарылып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Барлық пенитенциарлық мекемелер бейнебақылау жүйелерімен жарақтандырылуда. ҚАЖ комитетінде ахуалдық орталық құрылған. Онда колонияларда орнатылған камералардан бейнелер көрсетіледі. Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов № 65 мекемеге барды. Заң бұзған азаматтардың жағдайымен ІІМ қоғамдық кеңесінің мүшелері мен жергілікті журналистер де танысты.
Әр бөлмеде камера орнатылған. Жалпы мекеме бойынша олардың саны 445. Бақылау пунктінен қызметкер жағдайды қадағалап отырады. Камераларды ЖБО операторы да көре алады. Сонымен қатар олар облыстық және Бас прокуратураның кеңселеріне қосылған. Сондықтан сотталғандарға қатысты тыйым салынған және рұқсат етілмеген шараларға жол берілмейді. Мекемеде жаңа фронт-офис бар, онда азаматтар өз сұрақтарымен келеді. Қысқа және ұзақ мерзімді кездесулерге арналған бөлмелер де қарастырылған. Ғимараттың периметрі бойынша қозғалысты тіркейтін электронды құрылғылар орнатылған.
– Көріп отырғандарыңыздай, камералар әрбір қимылды түсіреді. Егер қандай да бір шағым түссе, барлық бейнежазба тексеріледі. Тіпті “адамдарды танитын” биометриялық аппараттар бар. Мұның бәрі азаматтардың құқықтарын қорғау және заң бұзушылықтардың алдын алу үшін жасалған, – деп атап өтті Ішкі істер министрі.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары