Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАқтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандығаш қаласындағы "Самал" балабақшасында ішінен құрт шыққан тамаққа қатысты аудандық білім бөлімінің басшысы Аманжол Бахраман түсінік берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ауданның бас ұстазы ішінен құрт шыққан ас бүлдіршіндерге берілмеген деп отыр. Яғни ондағы қызметкерлер бұл тамақты дер кезінде байқап үлгеріпті. Қазіргі таңда зерделеу жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта Мұғалжар аудандық білім бөлімінің тарапынан және де Ақтөбе облыстық білім басқармасының, сонымен қатар Мұғалжар аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Әлеуметтік желіде көрсетілген бейнежазбадағы тамақтың тәрбиеленушіге таратылуына жол берілмеген, яғни, уақытында тоқтатылған. Сонымен қатар, тамақтан улану деректері анықталған жоқ. Жалпы зерделеу жұмыстарының қорытындысы бойынша сонымен қатар алынған шаралар туралы қосымша хабарланатын болады,-деді білім бөлімінің басшысы.
Соңғы келіп жеткен ақпаратқа сүейнсек, осы жағдайдан кейін балабақшаның меңгерушісі, медбике мен бас аспаз жұмыстан босатылды.
Еске салсақ, біз бұған дейін балалар тамағының ішінен құрт шыққаны туралы жаздық.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары