6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАстанада көлік ұрлау қылмысының тағы бір фактісі тіркелді. Елордалық полиция дерегінше, 24 жастағы жігіт басқа біреудің көлігін заңсыз иемденіп, мас күйінде көлік жүргізген. Соңында жол апатын жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады. Белгілі болғандай, жас жігіт түнгі уақытта алкогольдік ішімдік ішкен күйде көшеге шыққан. Тұрғын үйдің ауласында тұрған құлыпталмаған "Mercedes E-230" маркалы автокөлікті көрген. Автокөліктің кілттері тұтандырғышта болғандықтан, көлікті иемденіп, қаланы көлікпен аралап жүрген. Көп ұзамай бағанаға соғылған. Осылайша 3 миллион теңге сомасында материалдық шығын келтірді.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі