Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыПавлодарда анасымен жанжалдасқан азамат жауапқа тартылды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Көпқабатты үйлердің бірінде 34 жастағы павлодарлық мас күйде анасына боқауыз сөздер айтқан. Ұлының одан арғы әрекетінен қорыққан әйел кісі полиция шақырған.
Шақыруды пысықтау кезінде ер адам алкогольді ішімдік ішіп, анасына балағат сөздер айтып, жанжал шығарғаны анықталды. Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін Павлодарлық әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материал мамандандырылған әкімшілік сотта қаралды, онда ер адам ескерту түрінде жазаға тартылды, сондай-ақ тәртібіне ерекше талап қойылды. Сот шешіміне сәйкес ер адамға алты ай бойы алкоголь, есірткі және психотроптық заттарды қолдануға тыйым салынады, – деп түсіндірді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сот процесінде ер адам кінәсін мойындап, анасынан кешірім сұрады.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары