12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚазақстандық балуан Исхар Курбаев пен Айдос Сұлтанғали Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында грек-рим күресінен жартылай финалға өтті.
Отандық спортшы 55 келіге дейінгі салмақта молдовалық Артем Делеанумен күресті. Кездесуде Исхар Курбаев 5:1 есебімен жеңіске жетті. Енді ол финалға шығу үшін бақ сынайды.
Айта кетейік, бұған дейін Айдос Сұлтанғали (60 келі) жартылай финалға өткен еді. Қазақстандық балуан 60 келіге дейінгі салмақта әзірбайжандық Мурад Маммадовпен өзара мықтыны анықтады.
Бірінші кезең 1:1 есебімен аяқталды. Ал екінші үш минуттықта Айдос Сұлтанғали басымдықты танытып, 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша Айдос Сұлтанғали финалға шығу үшін бақ сынайды.
Жартылай финалдық белдесулер бүгін, 24 қазанда Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер