Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыЖасанды интеллектке деген қызығушылық күшейгенімен, оны қолданудан пайда барлық компанияда бірдей көрінбей отыр. X paces деректеріне сәйкес, ірі және орта бизнес ұйымдарының 48%-ы ЖИ технологиясын жиі пайдаланады. Осылайша ЖИ-ді қолданатын компаниялардың табысы өскенін байқуға болады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Соңғы жылдары ірі компаниялардың ЖИ-мамандарға сұранысы артып келеді.
Selecty және hh.ru зерттеуіне сәйкес, IT саласындағылардың 70%-ы ЖИ-ды қауіп емес, жұмыс құралы ретінде қабылдайды. Қайта даярлануға дайын мамандардың 89%-ы дәл осы ИИ бағытын таңдаған. Жоғары жалақы ұсыныстары бұл трендті күшейтіп отыр. Негізгі жетекші салалар: қаржы, интернет-сервистер және телеком.
ЖИ-дың стратегиялық рөлі артқан сайын, компанияларда жасанды интеллект директоры сияқты жаңа лауазымдар пайда болуда. Мұндай позицияға ұсынылатын еңбекақы ірі компанияларда 40 мың долларға дейін жетеді (шамамен 20 миллион теңге)
ЖИ еңгізу тек техникалық емес, функционалдық салаларда да жаңа мүмкіндіктер ашуда. Маркетинг, логистика немесе HR саласындағы мамандар да ЖИ жобаларына тартыла бастады. Кейбір қызметкерлер жаңа рөлдерге ауысып, бизнес пен технология арасындағы көпірге айналуда.
Ең қарқынды дамып жатқан бағыттардың бірі - ЖИ мен өнердің түйісуі. Мұнда цифрлық архивист, ЖИ-платформалар медиакураторлар, арт-инженер секілді жаңа шығармашылық мамандықтар қалыптасуда.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар