6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерИранның Министрлер кабинеті 32 елмен визалық режимді жоюды мақұлдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ге сілтеме жасап.
Мемлекет БАӘ, Сауд Арабиясы, Бахрейн, Катар, Кувейт, Үндістан, Ресей, Ливан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Өзбекстан, Тунис, Мавритания, Танзания, Зимбабве, Маврикий, Сейшель аралдары, Индонезия, Бруней, Жапония, Сингапур, Камбоджа, Малайзия, Вьетнам, Бразилия, Перу, Куба, Мексика, Венесуэла, Босния және Герцеговина, Сербия, Хорватия және Беларусь елдері үшін визасыз режим енгізеді.
Иранның Мәдени мұра, қолөнер және туризм министрі Иззатулла Зургоми Тегерандағы Министрлер кабинетінің отырысынан кейін журналистерге жаңалық туралы хабарлады.
Иран министрінің айтуынша, үкімет ел есігін бүкіл әлемге ашпақшы.
Иран әлеммен, адамдармен байланыс орнатып, иранофобиямен күресуді қалайды. Визалық режимнің біржақты жойылуы – Иранға еркін келетін шетелдік азаматтармен байланысу мүмкіндігі, - деді Зургоми.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі