23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Ипотеканың жылдық мөлшерлемесі 25%-дан 20%-ға төмендеуі мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл бастама тұрғындардың баспана алу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған. Осыған байланысты Қаржы нарығын реттеу агенттігі мен Ұлттық банк тиісті қаулы жобасын қоғамдық талқылауға шығарды. Ұсыныстар мен пікірлер 26 наурызға дейін қабылданады, ал құжат ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткен соң күшіне енеді.
Айта кетейік, 17 наурыздан бастап "Наурыз жұмыскер" ипотекалық бағдарламасы іске қосылады. Бағдарламаға қатысу үшін үміткерлер жұмыс орнын растайтын анықтаманы ұсынуы қажет. Банк қызметкерлері өтініш берушінің БСН-ін және ұйымның қызмет саласын тексереді. Ипотека тау-кен, энергетика, көлік және ауыл шаруашылығы салаларында еңбек ететін жұмысшыларға арналған. Дегенмен, бұл бағдарламаға тек өндірістік мамандық иелері қатыса алады, ал кеңсе қызметкерлері үшін қолжетімді емес.
Бұл өзгерістер халықтың баспанаға қолжетімділігін арттыруға және әлеуметтік осал топтарды қолдауға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болмақ.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік