Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда ипотекалық несиелеудің жаңа қағидасы күшіне енеді. Енді ипотеканың ең жоғары жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі қарыз алушының бастапқы жарнасына байланысты белгіленеді.
Сыйақы мөлшерлемесі 20 пайыздан аспайды
Егер сатып алушы баспана құнының кемінде 30 пайызын өз қаражаты есебінен төлесе, ал банктен тұрғын үй бағасының 70 пайызынан аспайтын бөлігін ғана несиеге алса, онда ипотеканың ең жоғары жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 20 пайыздан аспайды.
Ал бастапқы жарна 30 пайыздан аз болып, несие тұрғын үй құнының 70 пайызынан көп бөлігін қамтыса, онда бұрынғыдай 25 пайыздық шекті мөлшерлеме қолданылады.
Бастапқы жарна неғұрлым жоғары болса, банктің тәуекелі де соғұрлым төмендейді. Өйткені қарыз алушы тұрғын үйдің едәуір бөлігін өз қаражатымен төлейді, ал банк беретін несие көлемі азаяды. Сондықтан мұндай клиенттер үшін ипотека бойынша ең жоғары мөлшерлеме де төмендетіліп отыр.
Өзгеріс 1 қаңтарда күшіне енеді
Бұл өзгеріс азаматтарды бастапқы жарнаға көбірек қаражат жинауға ынталандырып, ипотекалық несиенің жалпы құнын азайтуға бағытталған.
Жаңа талап 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады. Оған дейін барлық ипотекалық несиелер үшін бұрынғыдай 25 пайыздық бірыңғай шекті мөлшерлеме сақталады.
Бұл өзгеріс тек ипотекалық несиелерге қатысты. Ал тұтынушылық несиелер, автонесиелер және микрокредиттер бойынша шекті сыйақы мөлшерлемелері бұрынғы деңгейде қалады.
Еске сала кетейік, ипотека бойынша жаңа талаптар жайлы бұған дейін жазғанбыз.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар