28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАстана қаласының тұрғыны өзін банк қызметкерімін деп таныстырып «Отбасы банк» АҚ арқылы бастапқы жарнасыз ипотекалық тұрғын үй сатып алуға көмектесу мүмкіндігі бар екені туралы ақпарат таратқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мысалы, құқықбұзушы танысына банктен аукционда сатылатын тыйым салынған үш бөлмелі пәтерді ипотекаға сатып алуды ұсынған. Аукционға қатысу үшін 630 мың теңге сұраған. Біраз уақыттан кейін ипотека рәсімдеу үшін шот ашып, 11 млн теңге көлемінде ақша қаражатын салу қажеттігін хабарлаған.
Осыған ұқсас сылтаулармен өзінің танысын алдап, сенімін теріс пайдалана отырып, жалпы сомасы 14 млн теңгеден астам ақшаны алаяқтық жолмен иемденген. Оның қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде 22 жәбірленушіге 55 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірілген. Кінәлі тұлға 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Жәбірленушілердің азаматтық талап арыздары қанағаттандырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Прокуратура азаматтарды тек уәкілетті ұйымдарға жүгінуге шақырады және алаяқтық жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп 10 жылға дейін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?