iPhone иелеріне жаппай хакерлік шабуыл қаупі туралы ескертілді

iPhone иелеріне жаппай хакерлік шабуыл қаупі туралы ескертілді

Алмас Абылай
Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Telegram мессенджері iOS операциялық жүйесінің ескірген нұсқаларын пайдаланатын iPhone иелеріне жаппай хакерлік шабуыл қаупі туралы ескерту жіберді. Пайдаланушыларға жеке деректерін қорғау үшін операциялық жүйені жаңарту ұсынылды. Бұл туралы мессенджердің негізін қалаушы Павел Дуров X әлеуметтік желісінде мәлімдеді.

«iPhone пайдаланушылары жаппай хакерлік шабуылға ұшырап жатыр. Егер iOS жүйеңіз сәл ғана ескірген болса да, барлық деректеріңізге қауіп төнеді. Құрылғыны бұзу үшін кейде интернет-сайтты ашудың өзі жеткілікті», – делінген хабарламада.

Telegram мәліметінше, операциялық жүйенің бұрынғы нұсқаларында пайдаланушылардың аккаунттарына қауіп төндіретін осал тұстар бар. Жеке деректерді қорғау үшін жүйені соңғы қолжетімді нұсқаға дейін жаңарту қажет.

Telegram аккаунтын бұзу несімен қауіпті?

Алаяқтар үшін бөтен адамның Telegram аккаунты ерекше құнды. Олар жеке хат алмасуларға қол жеткізіп қана қоймай, аккаунт иесінің достарымен, туыстарымен және әріптестерімен оның атынан байланыса алады.

Аккаунтта банк картасының деректері мен құпиясөздер сақталмаған күннің өзінде, қылмыскерлер үшін пайдалы ақпарат болуы мүмкін.

Мәселен, жеке хат алмасуларда құжаттардың фотосуреттері, электронды билеттер, мекенжайлар, туыстары туралы мәліметтер, жұмыс құжаттары және құпия ақпарат сақталуы ықтимал.

Аккаунтты қолға түсірген алаяқтар:

Дегенмен Telegram аккаунтының бұзылуы қылмыскерлерге банк қосымшаларына автоматты түрде қол жеткізуге мүмкіндік бермейді. Алайда олар алынған жеке мәліметтерді пайдаланып, түрлі алаяқтық тәсілдер арқылы қаражат жымқыруға әрекет жасауы мүмкін.

Оқи отырыңыз

{