Кеше, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізедіApple компаниясы жаңа iPhone 18 моделін арзандату үшін бірқатар функцияны қысқартуды жоспарлап отыр.
Мамандар құрылғы енді «қолжетімді» iPhone 18e нұсқасына ұқсас болуы мүмкін деп отыр.
Сарапшылардың айтуынша, iPhone 18 мен iPhone 18e арасындағы айырмашылық бұрынғыдан да азая түседі. Негізгі мәселе – қандай мүмкіндіктерден бас тартып, ал бұл өзгерістер смартфон бағасына қаншалықты әсер ететініндігінде.
Қытайлық Fixed Focus Digital лақап атымен танымал инсайдер мәліметінше, жаңа iPhone 18 өндіріс процесінде бірқатар «жеңілдетілген» шешімдерге ие болады. Бұл қадам құрылғыны шығару шығындарын азайтуға бағытталған.
Алдын ала деректерге сүйенсек, өзгерістер чипке, жад көлеміне және өндіріс технологиясына қатысты болуы мүмкін. Мұндай жаңартулар iPhone 18-ді iPhone 18e моделіне барынша жақындата түседі.
Дегенмен Apple бұл бағытта шектен тыс үнемге бармауы мүмкін. Себебі қазіргі iPhone 17 мен 17e арасындағы айырмашылықтың өзі айтарлықтай үлкен емес. Егер жаңа модельдер тым ұқсас болып кетсе, арзан нұсқаны шығарудың мәні қалмайды.
Қазіргі iPhone 17 моделінің iPhone 17e-ден басты айырмашылығы – кең бұрышты камера, жетілдірілген алдыңғы камера, ұзақ жұмыс уақыты, экранның үлкендігі мен жарықтығы, ProMotion технологиясы және Dynamic Island интерфейсі. Алайда осы артықшылықтардың қайсысы жаңа iPhone 18-де қысқартылатыны әзірге белгісіз.
Айта кетейік, Apple компаниясы алдағы күзде iPhone 18 Pro, iPhone 18 Pro Max және жиналмалы iPhone Ultra моделдерін таныстыруы мүмкін. Ал iPhone 18, iPhone 18e және iPhone Air 2 нұсқаларының тұсаукесері келесі жылдың көктеміне жоспарланып отыр.
Кеше, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы