Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАмман қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында грек-рим күресінен Исхар Курбаев жеңімпаз атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі
55 келі салмақта отандасымыз финалдық сында әзербайжандық Фарид Садихлимен белдесті. Кездесу барысында жинақы қимыл көрсетіп, нәтижесінде қарсыласынан 5:1 есебімен басым түсіп, әлем чемпионатының алтынына қол жеткізді.
Исхар алғашқы белдесуінде түрік Эмре Мутлудан, одан кейін түркімен Абдували Рахимбаевтан басым түссе, жартылай финалда қырғыз Нуристон Суйоркуловты ойсырата ұтты.
Бұған дейін Аммандағы турнирде грек-рим күресінен Дінислам Сағитжан (63 келі) қола, ал еркін күрестен Ризабек Айтмұхан күмісті місе тұтты.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?