7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Нұр-Сұлтанның апелляциялық соты «Инвестмент-18» қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың бас бостандығынан айыру мерзімін ұзартты, деп хабарлайды El.kz қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2022 жылдың 26 сәуірінде А. және Т-ға қаржы пирамидасын құрғаны үшін 7 жыл мерзімге қаражат жинауға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
А. мен Т. қаржы пирамидасын құрып, WhatsApp чаттары арқылы 35-тен аса жәбірленушінің қаражатын тартып, оларға аса ірі көлемде материалдық шығын келтіргені үшін кінәлі деп танылды.
Апелляциялық сот шешімі бойынша, бірінші сатыдағы соттың Қылмыстық кодекстің 55-бабын дұрыс қолданбауына байланысты («Осы қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделгеннен неғұрлым жеңіл жаза тағайындау») кінәлі адамның жазасы 6 жыл 8 айға дейін ұзартылды.
– Қылмыстық кодекстің 217-бабы 3-бөлігі 2-тармағы санкциясында 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған. Яғни, Қылмыстық кодекстің 55-бабы 2-бөлігінің нормаларын ескере отырып (жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде) кінәліге тағайындалатын жаза санкцияда көзделгеннен төмен болмауы керек еді, – делінген хабарламада.
Апелляциялық инстанция үкіммен түзетілді.
Сот актілері заңды күшіне енді.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?