Бүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Soundworks Collection сайтында «Интерстеллар» фильміндегі дыбыс эффектілері қалай жасалғандығы туралы видео-ролик жарық көрді. Видео-роликте Warner Bros дыбыс режиссерлері фильмдегі дыбыстарды жазу жұмыстарын баяндайды.
Ескерту: видео ағылшын тілінде, бірақ визуалды көру арқылы бәрін түсінуге болады.
Ричард Кинг атап өткендей, студия бастапқыда жапырақтарының сыбдыры және құмды дауылдың шуы сияқты қарапайым эффектілермен жұмыс істей бастады.
Бұл мақсатта студия қызметкерлері жүгері өсірумен айналысатын шағын фермамен келісіп, алдына дыбыс жазушы құрылғылар орнатылған көлікпен сол жүгері алаңымен жүріп өткен.
Ал құмды дауылдың дыбысын келтіру үшін инженерлер құмды үлкен қысыммен дыбыс микрофондары орнатылған қатты материалға бағыттап отырды.
Ғарыш кемесінің ішіндегі дыбыс эффектілерін жасау үшін ескі ұшақтар тұратын алаң таңдалды. Студия қызметкерлері ұшақ қанаттарының құлау сәтіндегі дыбыстарды жазып алып, оны түрлі метал тарсылдаған шуымен араластырып жаңа эффектілер алды. Арнайы эффектілерді жасауда, жекелеген қойылым кезінде болмаса, синтезаторлар қолданылмады.
Дәурен Омаров
Бүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді