Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАлматылық бойжеткеннің интернеттегі ер азаматпен таныстығы оны қайғылы жағдайға душар ете жаздаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бойжеткен Дина Таңсәрінің «НеМолчи» қорына өзінің басынан өткерген оқиғасын айтып берген.
Оның сөзінше, интернетте ер азаматпен танысып, екеуі 27 шілде күні кездесу туралы шешім қабылдаған. Жігіт қызды жүргізушісімен келіп алып кететінін айтқан. Ал таныстық мейрамханада жалғасады деп сөз берген.
Көлікке отырған бойда бойжеткеннің телефоны мен қолдорбасын тартып алып, оны қаланың сыртына алып кеткен. Белгілі болғандай, кездесуге шақырған жігіт те, оның жүргізушісі де түрмеден жақында ғана шыққан екен. Олар қызды ұрып-соғып, телефоны мен Kaspi-інің паролін біліп алған. Сонан соң жол бойындағы әртүрлі банкоматтардан ақшаны шешіп алған, - делінген қор мәліметінде.
Полиция мәліметінше, бұл жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Күдіктілердің бірі ұсталды, қызметкерлер оның сыбайласын қолға түсіру бойынша шаралар қабылдауда. Тиісті сараптама тағайындалды, - делінген Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінде.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?