Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліҚаржылық мониторинг агенттігі «TasksCat» интернет жобасында қаржы пирамидасының белгілерін анықтады, деп хабарлайды El.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Азаматтарға тапсырмаларды орындау арқылы 2500 теңге көлемінде табыс табу ұсынылды. Жаңа қатысушыны шақырғаны үшін төлемдердің 5-15% төленуі тиіс еді. Ұйымдастырушылар өз қызметтерін 100-1000 % кірістілікпен «кешенді жобалар» сатқан. Сондай-ақ, жаңадан келгендер табысқа жету жолы мен жеңімпаздардың фотосуреттерін жариялау арқылы да қызықтырды.
Мониторинг жүйелері қаржы пирамидасының сайты жұмыс істемейтінін анықтады. Сайтты бұғаттау және халықты жинақтарын жоғалту қауіпінен қорғау жұмыстары жүргізілуде.
Қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін анықтау мақсатында Telegram желісінде көрсетілген мәлімет Ақпараттық кітапқа тіркеліп, тиісті қорытынды жасау үшін ҚНРДА жолданады. Тексеру қорытындысы бойынша құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданады.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс