Бүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Көкшетау қаласында киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері алаяқтық мақсатта қолданылған арнайы құрылғыны анықтады. ІІМ мәліметінше, тексеру барысында 21 жастағы шетел азаматының интернет-алаяқтық әрекеттеріне пайдаланған SIM-box құрылғысы тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталған құрылғы Қазақстан аумағында виртуалды абоненттік нөмірлерді заңсыз тіркеу және оларды интернет-алаяқтық жасау мақсатында пайдалану үшін қолданылған. Тергеу барысында құқық қорғау органдары күдіктіден трафикті басқаруға арналған құралдарды, ноутбукты, бірнеше ұялы телефон мен Wi-Fi роутерін тапты. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, бұл құрылғылар азаматтарды алдау үшін қолданылған, - делінген мәліметте.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 213-бабы 2-бөлігі – ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының идентификациялық кодын заңсыз өзгерту бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Киберқылмыспен күрес қызметі азаматтарды цифрлық қауіпсіздікті сақтауға және белгісіз нөмірлер мен күмәнді сілтемелерге сақ болуға шақырады.
Бүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді