Интернет-алаяқтардың нұсқауы бойынша жұмыс істеген «курьер» ұсталды

7 Тамыз 2023, 12:24 2524

Интернет-алаяқтардың нұсқауы бойынша жұмыс істеген «курьер» ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Дроппер негізінен елорданың қарт тұрғындарының үйіне барып отырған. 85 жастағы әйел полицияға арызданып, белгісіз жігітке 1 миллион 600 мың теңге бергенін айтқан. Зейнеткердің айтуынша, оған бір ер адам қоңырау шалып, өзін құқық қорғау органының қызметкері ретінде таныстырған. Содан кейін ол әйелдің немересі жол-көлік оқиғасына себепші болғанын айтып, жағдайды реттеу үшін ақша талап еткен. Тұрғын ақшаны үйіне келген курьерге берген. Алайда біраз уақыттан кейін бұл алаяқтардың айласы екенін түсінген.

Оқи отырыңыз:

Алаяқтар 65 жастағы зейнеткерді де алдаған. Әйел дропперге 1 миллион 400 мың теңге беріп жіберген. Бұл бойынша қаланың тағы бір 85 жастағы тұрғыны алданып қалды. Ол алаяқтарға 3 миллион 700 мың теңге берген.

Күдікті құрықталды. Тергеу барысында оның Telegram қосымшасындағы хабарландыру арқылы «курьер» болып жұмысқа тұрғаны анықталды. Ол алданған зейнеткерлерден ақша әкетіп отырған. Қолма-қол ақшаның белгілі бір бөлігін өзіне қалдырып, қалған бөлігін банк деректемелері арқылы шетелге жіберген. Қазіргі уақытта ұсталған жігіт уақытша ұстау изоляторында. ҚР ҚК-нің алаяқтық бабы бойынша тергеу жүргізілуде.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: