Кеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қырыПавлодарлық әйел өзін ҰҚК басшылары мен қызметкерлері ретінде таныстырған алаяққа сеніп қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әйелдің WhatsApp қосымшасына лаңкестердің шоттарына ақша аударуға байланысты ҰҚК-ге шақыру туралы хабарлама келген. Кейінірек оған «ҰҚК майоры» қоңырау шалып, оның атына шот ашылғаны және бұрын сотталған, қазір іздеуде жүрген ер адамның атына 1,5 млн теңге аударылғаны туралы хабарлайды. Өз шоттарын қорғау үшін жәбірленуші «Ұлттық банк қызметкерінің» айтқандарын істеуге келіседі. Оның нұсқауларына сүйене отырып, әйел банкке барып, өзінің депозиттік шотынан 15 млн теңгені алып, алаяқ ұсынған деректемеге ақша аударады. Кейін алданғанын түсінген ол полицияға жүгінді.
Қазіргі уақытта полиция соңғы екі жылда ҚР аумағында нөмірлері ретрансляцияланбаған абоненттердің орналасқан жерін анықтап жатыр. Павлодар облысының полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға шақырады.
Кеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?