Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыТасмания университетінің ғалымдары әлеуметтік жағдайы төмен адамдар инсультке 33% жиі шалдығатынын анықтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Зерттеу нәтижелері Journal of Stroke and Cerebrovascular Diseases журналында жарияланды.
Мамандар 2007 жылдан 2020 жылға дейінгі аралықта Тасмания тұрғындарының ауруханаға жатқызылу және өлім-жітім деректерін талдап, тамыр жүйесі аурулары мен әлеуметтік жағдай арасында тікелей байланыс бар екенін анықтады.
Зерттеу қорытындысы бойынша, табысы төмен адамдар арасында инсульт 33% жиі тіркелген.
Ғалымдардың айтуынша, мұндай топтағы азаматтарда жоғары қан қысымы, жүрек аурулары, қант диабеті және зат алмасу бұзылыстары жиі кездеседі. Сонымен қатар ас қорыту және иммундық жүйе аурулары, кейде тіпті жас кезінде қатерлі ісік те жиі анықталады.
Зерттеу авторларының пікірінше, басты себептердің бірі – медициналық көмек пен профилактикалық бағдарламаларға қолжетімділіктің шектеулі болуы.
Олар әлеуметтік осал топтар үшін денсаулық сақтау жүйесіне тең қолжетімділік пен аурудың алдын алу шараларын кеңейту инсульт пен жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітімді едәуір азайтуы мүмкін екенін атап өтті.
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды