7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Бұрынғы сүйіктіңіз, әріптесіңіз немесе жай ғана қызығушылық танытқан адамның Instagram парақшасына кіріп көрдіңіз бе? Енді әлеуметтік желіде ескі суретке байқамай лайк басып қоюдан қорықпай, өзгенің парақшасын қарауға мүмкіндік беретін жаңа функция пайда болуы мүмкін.
Instagram әзірлеп жатқан жаңа мүмкіндік қазірдің өзінде «көрінбейтін режим» деген атауға ие болды.
Instagram-дағы «көрінбейтін режим» идеясы бірнеше жылдан бері талқыланып келеді. Алайда жақында қосымшаның жасырын мүмкіндіктерін зерттеуші Алессандро Палуцци Instagram кодынан Read-Only Mode, яғни «тек көруге арналған режим» туралы ақпарат тапқан.
Бұл режим қосылған кезде қолданушылар өзгенің парақшасы мен жарияланымдарын қарай алады, бірақ олармен әрекеттесе алмайды.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жаңа режимде мына әрекеттерге шектеу қойылады:
жазбаларға лайк басу;
пікір қалдыру;
жеке хабарлама жіберу;
басқа аккаунттарға жазылу;
Stories жарияланымдарын қарау.
Осылайша, қолданушылар өзгенің парақшасын кездейсоқ лайк басып немесе жазылып кету қаупінсіз қарай алады.
Әсіресе Stories-ке қатысты шектеу назар аудартады. Қазір Instagram-да біреудің Stories жарияланымын қарасаңыз, аккаунт иесі сізді көрермендер тізімінен көре алады. Ал Read-Only Mode режимінде Stories мүлде ашылмайды.
Демек, бұл мүмкіндік қолданушыға өзгенің парақшасын қарап, лайк, пікір немесе жазылу сияқты белсенділік белгілерін қалдырмауға жағдай жасайды.
Жаңа функция әлеуметтік желідегі жеке өмір мен қауіпсіздік мәселесіне қатысты пікірталас тудырды.
Бір жағынан, ол қолданушыларды кездейсоқ лайк басу немесе қажетсіз аккаунтқа жазылып кету сияқты ыңғайсыз жағдайлардан қорғайды.
Екінші жағынан, мұндай режим өзгенің әлеуметтік желідегі белсенділігін жасырын бақылауды жеңілдетуі мүмкін.
Social Media Today басылымының жазуынша, бұл мүмкіндік өзгенің парақшасын, әсіресе бұрын жарияланған суреттерін мұқият қарайтын адамдарға ыңғайлы болуы ықтимал.
Ал Engadget басылымы жаңа функцияның қауіпсіздікке ықтимал әсеріне назар аударған. Басылым мұндай мүмкіндік әлеуметтік желідегі қудалау мен аңдуды жеңілдетуі мүмкін деген мәселе көтерді.
Дегенмен, бұл Instagram жүйесінен толық жасырынуға мүмкіндік береді деген сөз емес. Әңгіме тек өзгенің парақшасын ешқандай әрекет жасамай қарау туралы болып отыр.
Әзірге нақты белгісіз.
Instagram өкілі Engadget басылымына бұл идеяның компания ішінде әзірленіп жатқанын растаған. Алайда функция қазіргі уақытта қолданушылар арасында сынақтан өткізіліп жатқан жоқ.
#Instagram is working on a new perk for Instagram Plus: Read-Only Mode 👀 ℹ️ Browse a profile in read-only mode, preventing you from liking, commenting, messaging, following, or viewing stories. https://t.co/eQIDjAnn1c
— Alessandro Paluzzi (@alex193a) October 3, 2026
Оның ресми таныстырылымы мен іске қосылатын күні де жарияланбаған.
Сондықтан жаңа мүмкіндік болашақта өзгеруі, басқа форматта ұсынылуы немесе мүлде іске қосылмауы мүмкін.
Егер Instagram бұл функцияны енгізсе, қолданушылар өзгенің парақшасына кіріп, жарияланымдарын қарай алады. Бірақ лайк басу, пікір жазу, хабарлама жіберу, аккаунтқа жазылу және Stories қарау мүмкін болмайды.
Табылған мәліметтерге қарағанда, Read-Only Mode функциясы Instagram Plus деп аталатын ақылы жазылыммен байланысты болуы ықтимал.
Яғни жаңа мүмкіндік ресми түрде іске қосылған жағдайда, оны пайдалану үшін ақы төлеу қажет болуы мүмкін.
Әзірге бұл Instagram баптауларынан қосуға болатын дайын функция емес, тек әлеуметтік желі ішінде әзірленіп жатқан жоба.
Бұған дейін Instagram Reels бейнероликтерін автоматты түрде монтаждауға көмектесетін First Draft функциясын таныстырған болатын. Жаңа құрал контент авторларының уақытын үнемдеуге бағытталған.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?