Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБұл жаңалық Лондонда өткен білім саласындағы ең ауқымды іс-шара — Bett Show алаңында жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, Бүкіләлемдік конгресс инклюзия саласы бойынша үкіметтің, педагогтердің, технологиялық компаниялардың, сарапшылар мен мамандардың басын қосатын бірегей жаһандық платформа болмақ.
Оның басты мақсаты — заманауи жетістіктерді талқылау, үздік тәжірибелермен бөлісу және инклюзиялық білім беруді дамыту, - делінген мәліметте.
Конгресстің келесі негізгі ерекшеліктерін атап өтуге болады:
Конгресс инклюзивті білім беру саласындағы алғашқы халықаралық бастама болады. Бұл беделді халықаралық шараны Қазақстанда өткізу - біздің әділетті және инклюзивті қоғам құруға деген ұмтылысымызды көрсетеді, сондай-ақ білім беру реформалары мен технологиялық инновациялардағы жетістіктерін айқындайды. Оған халықаралық корпоративтік көшбасшылардың қатысуы стратегиялық мүмкіндіктерге жол ашып, Қазақстанға әлемнің назарын аударып қана қоймай, инвестициялар тартуға ықпал етеді, — деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің директоры Лаура Бутабаева.
Анықтама үшін: 2024 жылы елімізде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар саны 230 мыңнан асты. Елдегі мектептердің 90%-да инклюзивті білім беруге жағдай жасалған, ал арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтылған балалардың үлесі 80%-ды құрайды.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары