23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстана қаласындағы OzgeEpic креативті хабында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен белгілі отандық режиссер, «Шексіз мүмкіндіктер» трилогиясы авторларының бірі әрі продюсері Әзиз Заировты еске алу кеші өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталған трилогияға «Болу ма, жоқ па?», «Қыз бен теңіз» және «Анашым, мен тірімін!» атты әлеуметтік драмалары енген.
Әзиз Зайровты еске алуға режиссердің достары мен жақындары, оның шығармашылымен таныс барша қауым, сондай-ақ танымал трилогияның түсірілім тобы келді.
Әзиз Заиров 2014 жылы «Шексіз мүмкіндіктер» жобасы бойынша жұмысты Мұхамет Мамырбековпен бірге «Болу ма, жоқ па?» фильмінен бастаған. 2019 жылы трилогияның екінші бөлімі – «Қыз бен теңіз» көрерменге жол тартты. Ал соңғы бөлімі «Анашым, мен тірімін!» фильмі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен түсіріліп, 2024 жылы жарық көрді. Сол жылы Әзиз Заиров өмірден өтті.
Оның фильмдерінде басты рөлдерді мүгедектігі бар адамдар сомдады. Әзиз Заировтың өзі де арбаға таңылған. Ол қоғамда инклюзивтілікті дамытуды мақсат етті. «Шексіз мүмкіндіктер» трилогиясы көптеген халықаралық марапаттарға ие болды.
Сондай-ақ режиссерді еске алу аясында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Болу ма, жоқ па?» фильмінің арнайы көрсетілімі өтті.
Әзиз Заиров Евразия Шығармашылық Гильдиясының «Eurasian Creative Guild» мүшесі, «Асау-Ат» Қоғамдық қорының тең құрылтайшысы, белсенді волонтер, онкологиялық науқас балалар мен ересектерге қолдау көрсететін «Амила» қорының қамқоршылар кеңесінің мүшесі және «Азияның шығармашылық богемасы» қауымдастығының резиденті болған.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады