29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыМаска киген Өскемен тұрғыны ЖЖҚС-на шабуыл жасады, – деп хабарлайды El.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
30 мамырда Өскемен қалалық ПБ «102» жедел каналына өтініш келіп түсті. Қоңырау шалушы түнде белгісіз ер адам танымал «Кальмар ойыны» сериалының маскасын киіп, Грейдерная көшесіндегі ЖЖҚС-на кіріп, онда кассирді тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, инкассаторлық сөмкелерде болған 2 млн теңгеден астам ақшаны ұрлап кеткенін хабарлады.
Сигналды қабылдап, тәртіп сақшылары осындай батыл қылмысты ашуға дереу кірісті. Тергеу іс-шараларының барлық кешенін жүргізген криминалдық полицияның жедел қызметкерлері ізін суытпай 2 сағат ішінде облыс орталығының 40 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.
Ұрланған ақша ұсталған адамның көлігінен табылған. Ал тапанша оның үйінен табылып, ойыншық екені анықталған.
– Күдікті сот санкциясымен қамауға алынды, оның әрекеттері ҚР ҚК 192-бабы 3-бөлігі (Қарақшылық) бойынша сараланады, санкциясы 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді, – деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек