22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ержан Жексенғалиұлы Мырзабаев ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды, деп хабаралайды El.kz. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Жаңа вице-министрді ұжымға ҚР ИИДМ басшысы Қайырбек Өскенбаев таныстырды. Ержан Мырзабаев өз қызметінде қорғаныс өнеркәсібі саласындағы мәселелерге жауапты болмақ.
«Ержан Жексенғалиұлы бұған дейінгі қызметтерінде қорғаныс саласындағы мемлекеттік тапсырыстарды қалыптастыру, орналастыру, орындау сияқты жұмыстарды жіті меңгерді. Бұл қасиеттер алдағы қызметінде де үлкен септігін тигізеді деп ойлаймын», – деді Қайырбек Өскенбаев.
Ержан Жексенғалиұлы Мырзабаев 1969 жылы 12 тамызда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Армия генералы А. В. Хрулев атындағы Ярославль жоғары әскери қаржы училищесін, Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Қаржы академиясын бітірген.
Еңбек жолын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымдарында бастады.
1995-1996 жылдары Қорғаныс министрлігінің Бюджеттік-қаржы басқармасы Қаржы инспекциясының инспектор-ревизоры болып жұмыс істеді.
1999-2000 жылдары ҚР Қорғаныс Министрлігі Экономика және қаржы департаменті Ревизионды-бақылау басқарма басшысының орынбасары-қаржы бөлімінің бастығы, Ревизионды-бақылау басқармасының басшысы болды.
2000-2002 жылдары – ҚР Қорғаныс министрлігі Бас қаржы инспекциясының бастығы.
2002-2006 жылдары – ҚР Республикалық Ұланның ревизиондық-бақылау қызметінің бастығы, әскери-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету департаменті бастығының орынбасары – Қаржы-экономикалық басқармасының бастығы.
2007-2009 жылдары – «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Активтерді басқару және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры, Алматы қаласы бойынша өңірлік филиалының директоры-басқарушы директоры.
2009-2010 жылдары – «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Қаржы және бухгалтерлік есеп департаментінің директоры.
Әр жылдары Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің құрылымдарында басшылық қызметтер атқарды.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев