7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Ұлы ақын, ағартушы және қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлы күнін атап өту аясында Индонезияның Ұлттық кітапханасында индонезиялық жастармен кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
СІМ мәліметінше, кездесу барысында қазақ жазушысы, публицист және қоғам қайраткері Жан Ақжанов Қазақстанның әдеби мұрасы және Абай Құнанбайұлының ұлттық мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесі туралы қызықты дәріс оқыды. Ол ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығын егжей-тегжейлі баяндап, оның қазақ халқының ұлттық санасы мен рухани мұрасын қалыптастырудағы басты рөлін атап өтті.
Сонымен қатар қазақ жазушысы индонезиялық аудиторияға өзінің әдеби шығармашылығын ұсынып, өзі шығарған кітаптармен таныстырды, сондай-ақ қазақ әдебиетіндегі соңғы үрдістермен бөлісіп, оның байлығы мен алуан түрлілігі туралы айтып берді.
Іс-шара аясында домбырада орындалған қазақ ұлттық күйлері кездесуге ерекше мәдени талғам қосып, қонақтарға қазақ өнерінің атмосферасына тереңірек енуге мүмкіндік берді.
Кездесу соңында Ж. Ақжанов аудиторияның сұрақтарына жауап беріп, олардың қазақ мәдениетін қабылдауын тереңдетуге септігін тигізді.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?