29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыИндонезияның Батыс Ява провинциясының губернаторы Деди Мульяди мемлекеттік қызметкерлерді ынталандырудың әдеттен тыс жолын таңдады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
НТВ арнасы таратқан ақпаратқа сәйкес, енді губернатор әлеуметтік желілерде ең жалқау қызметкерлердің аты-жөні мен мекенжайын жариялап отыратын болады.
Мульядидің айтуынша, халық өзіне қызмет етудің орнына жалақыны тек «отырып» алатын шенеуніктерді білуі тиіс. Ол мемлекеттік қызметтің басты міндеті қоғамға қызмет ету екенін ерекше атап өтті. Бұл бастама алдымен денсаулық сақтау, экология және білім беру салаларында сынақ ретінде енгізіледі.
Сонымен қатар губернатор «ұят тізімімен» бірге ең тиімді әрі еңбекқор қызметкерлердің тізімін де жариялауды жоспарлап отыр.
Алайда бұл идея қоғамда екіұшты пікір туғызды. Кейбіреулер адамдарды көпшілік алдында масқаралаудың қажеті жоқ екенін айтып, оның орнына ротация, ауыстыру немесе аттестация сияқты әдістерді қолдану жеткілікті деп есептейді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек