Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚазақстанның Индонезиядағы Елшілігі Индонезияға баруға ниеттеніп отырған Қазақстан азаматтары үшін «келген бойда берілетін виза» алу мүмкіндігін пысықтады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Индонезияның Заңдар және адам құқықтары министрлігінің Көші-қон жөніндегі бас директораты 2023 жылғы 18 қаңтардан бастап Қазақстан азаматтары аталған виза түрін алуға құқылы елдер тізіміне енгізді.
«Келген бойда берілетін визаны» Индонезияға ұшып келгенде әуежайда немесе molina.imigrasi.go.id сайтында Индонезияға ұшпас бұрын рәсімдеуге болады. Ол үшін төмендегі құжаттардың болуы талап етіледі:
«Келген бойда берілетін визаның» құны 500 мың индонезиялық рупия (шамамен 35 АҚШ доллары). Виза әуежайда рәсімделген жағдайда визалық алымды төлеу «Bank Rakyat Indonesia» үстелшесінен жүзеге асырылады (АҚШ долларымен де, индонезиялық рупиямен де төлеуге болады).
«Келген бойда берілетін виза» Индонезияда 30 тәулік ішінде болуға мүмкіндік береді, оны тұру орны бойынша орналасқан көші-қон қызметі бөлімшесінде дәл осындай мерзімге бір рет ұзартуға болады.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?