20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазандағы Ирек мешітінің имамы Тимур Камаев ел күтпаеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі «Татар-информ» басылымына сілтеме жасап.
Ол ислам діні әйелді ұруға тыйым салады, бірақ жарақат салмайтын жеңіл соққылар жасауға болатынын айтты. Сонымен қатар, әйел дұрыс емес әрекет жасаса, күйеуі ескертуден бастау керек, ал шектен шықса ұруға болады дейді ол.
Имамның сөзінше, кішкентай таяқпен әйеліңізді абайлап бірнеше рет ұруға болады дейді.
Ұрғаныңыз әйеліңізге зиян тигізуі керек дегенді білдірмейді. Бұл жерде әйел адам өзінің дұрыс емес әрекет жасап жатқанын түсінуі керек. Мәселе адамды ұрып, көгерген із қалдыруда емес, оның артық кетіп бара жатқанын ақырын ескертуде, – дейді имам.
Имам Тимур Камаев әйелді ұруға исламда тыйым салынғанын айтты. Ұрып-соғу адам құқығын бұзатынын түсіндірді. Ал егер әйел адам күйеуінің ұрғанын кешірсе, бұл оған қайырлы болады.
Кейіннен «Татар-информ» агенттігі Камаевтың сөздерін контекстен алып тастады. Ал Татарстан Мұсылмандары Діни Басқармасы (ҚМДБ) бейнеподкасттың толық нұсқасымен танысуды ұсынды. Олардың айтуынша, подкастта «шабуылға жол берілмейтіні, біреуді ұрып-соғу және оған физикалық,моральдық зиян келтіру Исламда күнә саналатыны туралы» айтылған.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?