Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліҚазақстан мұсылмандары діни басқармасы жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін «Imam AI» мобильді қосымшасын іске қосуды жоспарлап отыр.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының айтуынша, бұл бастама діни салаға заманауи технологияларды жүйелі түрде енгізуге бағытталған.
Заман талабына сай біз де жасанды интеллект мүмкіндіктерін діни салада кеңінен қолдануымыз қажет. Бұл, ең алдымен, халықтың діни сұрақтарына жедел әрі сенімді жауап беруге, сондай-ақ дін қызметкерлерінің жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді, – деді Бас мүфти.
Оның сөзінше, «Imam AI» қосымшасы сенімді дереккөздерге сүйене отырып, пайдаланушылардың діни сұрақтарына лезде жауап береді. Жаңа жоба діни сауаттылықты арттыруға және қоғамға дұрыс ақпарат ұсынуға бағытталған.
Айта кетейік, аталған мобильді қосымша алдағы уақытта көпшілікке ұсынылатын болады.
Бұған дейін биыл Қадір түні мен айттың қай күндерге түскені туралы жазған едік.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс