Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚазақстандық танымал ауыр атлет, төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин әйелі мен қызын перзентханадан шығарып алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы спортшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, «Бүлдіршініміз үйде» деп жазды.
Отбасымызға жаңа адамның қосылғанына қуаныштымыз. Сонымен қатар сіздер секілді достарымыздың барына да қуаныштымыз. Бәріне бақыт тілейміз! Ізгі тілектеріңіз үшін рахмет! Оның бәрі өздеріңізге мың есе болып қайтсын! Құрметпен, Ильиндер отбасы, - деп жазды зілтемірші.
Айтулы іс-шараға спортшының туыстары ғана емес, достары, бокстан Лондон олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев те келген.
Құттықтауға оқырмандар да қосылып, жаңа туған сәби мен оның анасына мықты денсаулық тілеген.
Бұған дейін Илья жұбайы Татьяна екеуі қызды болғанын сүйіншілей хабарлаған еді.
Достар, Танюша екеумізді қызымыздың дүниеге келуімен құттықтасаңыздар болады. Қазақстан мен әлемнің кішкентай азаматының есімі – Ильина Аили Ильинична! Біз жоспарлы түрде кесарь тілігін жасаттық, қазір бәрі жақсы. Бойы: 50 см, салмағы: 3 кг 178 г, - деп жазды Ильин.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?