Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыИлон Маск негізін қалаған Neuralink компаниясы қазан айында адам ойын мәтінге айналдыратын жаңа технологияны сынақтан бастамақ. Бұл жоба миға орнатылатын арнайы импланттар арқылы жүзеге асады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы Bloomberg-ке сілтеме жасап.
Клиникалық сынақтар алдымен АҚШ-та жүргізіледі. Егер тәжірибе сәтті өтсе, аталмыш құрылғы сөйлеу қабілеті бұзылған адамдарға өзгелермен еркін қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Компания осындай имплантты адам ағзасына толық енгізуді 2030 жылға қарай жоспарлап отыр.
Neuralink жасаған құрылғы ми сигналдарын тікелей «оқып», оларды сөзге айналдыруға тиіс. АҚШ-тың Азық-түлік пен дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасы (FDA) компанияға бұл технологияны клиникалық жағдайда сынауға ресми рұқсат берген.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек