22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыСыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Кентау қаласының экс-әкімі Ращид Аюповқа қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Антикордың ақпаратынша, экс-әкім 2013 жылы премьер-министр кеңсесінде істеп жүргенде ірі жекеменшік компанияның меншік иесін жауапты лауазымды тұлғаларға аса ірі сомада пара беруге көндірген. Осы үшін құрылыс бойынша тендерде жеңісті қамтамасыз етуге уәде берген. Алайда ақшаның барлығын өзіне қалдырып, бір бөлігіне Астанадан жаңа үй, қымбат тұратын автокөлік және бірнеше жүк техникасын сатып алған.
Оның әрекеттері аса ірі көлемде пара беруге арандату және алаяқтық ретінде сараланды. Ол тергеу сотының санкциясымен қамауда отыр, -делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Түркістан қаласы мен Кентау қаласының әкімі болған Рашид Аюпов бірнеше айдан бері уақытша тергеу изоляторында қамауда отырғаны белгілі болды.
Рашид Аюпов 2022 жылдың 17 қазанынан бері Астана қаласы бойынша түзеу қызметі департаментінің № 64 (СИЗО) аралас күзет мекемесінде қамауда отыр.
Ол әкім болып тұрғанында миллиардер Илон Маскке үндеу жолдап, Twitter-де жариялаған еді. Аюпов Түркістанда Tesla зауытын салуды ұсынған еді.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев