22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыX компаниясы (бұрынғы Twitter) мен оның иесі Илон Маск жаппай қысқартудан кейін өтемақы талап еткен жұмыстан босатылған қызметкерлермен келісімге келді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы Associated Press-ке сілтеме жасап.
Сот ісін бұрынғы қызметкер Кортни МакМиллиан бастаған. Ол 2022 жылы Маск әлеуметтік желіні сатып алғаннан кейін жұмыстан шығарылған шамамен 6 мың адамның мүддесін қорғады. Ол кезде компания қызметкерлерінің жартысынан көбі жұмыстан кеткен болатын.
Талапкерлердің айтуынша, басшылық алты айлық жалақы көлемінде өтемақы беруге уәде еткен, бірақ көпшілігі тек бір айлық қана алған немесе мүлде ештеңе ала алмаған.
21 тамызда тараптар істі тоқтата тұру туралы бірлескен өтініш берді. Келесі күні Сан-Франциско соты тыңдауды кейінге қалдырып, құжаттарды рәсімдеуге уақыт берді. Келісімнің шарттары әзірге жария етілмеген, соңғы шешім сот құзырында.
Айта кетейік, Twitter-дегі қысқартудан кейін IT саласында да жаппай жұмыстан босатулар болды. Meta, Google және Microsoft та пандемия кезінде көп адамды жұмысқа алып, кейін шығынды азайту үшін қызметкерлер санын қысқартуға мәжбүр болды.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев