28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарМиллиардер және технологиялық магнат Илон Маск жасанды интеллекттің (ЖИ) даму қарқыны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы FOX Business басылымына сілтеме жасап.
Оның мәлімдеуінше, келесі жылы ЖИ адамның интеллектуалдық деңгейіне жетуі мүмкін.
Келер жылы ЖИ, жоғары ықтималдықпен, кез келген жеке адамнан ақылды болады. Ал 2029 жылға қарай ЖИ, сірә, бүкіл адамзатты қоса есептегендегіден де ақылды болмақ, - деп жазды Илон Маск өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Маск жасанды интеллекттің қарқынды дамуынан туындайтын қауіптерге қатысты алаңдаушылық білдіріп, бұл технологияны қатаң реттеу қажеттігін бірнеше мәрте атап өткен. Оның пікірінше, ЖИ дұрыс бақылауға алынбаса, «өркениеттің күйреуіне» әкелуі ықтимал.
Бұған дейін Fox News телеарнасына берген сұхбатында Маск ChatGPT және басқа да ЖИ чат-боттарының біржақтылығы мен идеологиялық бағыттылығына қарсы тұру мақсатында «TruthGPT» деп аталатын жеке жасанды интеллект жобасын әзірлеу жоспары бар екенін мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, идеологияға бейім бағдарламашылар ЖИ технологияларын жалған ақпарат тарату немесе «өтірік айту» үшін пайдалануы мүмкін.
ЖИ-ді өтірік айтуға үйрету — өте қауіпті. ЖИ-дің өркениетті жою қаупі, қаншалықты аз болса да, назардан тыс қалдыруға болмайды, - деп ескертті Илон Маск.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?