Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАмерикалық кәсіпкер Илон Маск негізін қалаған xAI компаниясы «Грокипедия» (Grokipedia) атты баламалы онлайн-энциклопедияны іске қоспақ. Бұл бастама қазіргі «Уикипедияда» (Wikipedia) сілтеме жасауға тыйым салынған дереккөздерді де қамтып, баршаға қолжетімді болмақ, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Миллиардер бұл туралы X (Twitter) әлеуметтік желісінде мәлімдеді.
Жоба қазіргі жүйеге айтылған сыннан кейін туындады. Сарапшылардың айтуынша, «Уикипедия» кейбір басылымдарды дереккөз ретінде қолдануға шектеу қояды. Сол тыйым салынғандар қатарында Fox News, Breitbart, Daily Caller, Epoch Times, New York Post және Federalist сияқты медиаресурстар бар.
Бұрынғы инвестициялық банкир Джон Лефевр бұл шектеулерді атап көрсетсе, америкалық инвестор Дэвид Сакс «барлық дереккөздерді қамти отырып, «Уикипедияны қайта жазуға» мүмкіндік беретін ІІ технологияға нарықта сұраныс бар» деп мәлімдеді.
Осы пікірлерге жауап ретінде Илон Маск xAI-дың «Грокипедияны» әзірлейтінін растады. Оның сөзінше, жоба «адамзат білімінің игілігі үшін» жасалады және нәтижелері ашық қолжетімді болады.
Кәсіпкердің айтуынша, энциклопедияны әзірлеумен xAI компаниясы шұғылданады. Масктің пікірінше, «Грокипедия» – «Уикипедияның елеулі жетілдірілген нұсқасы» болмақ. Ол бұл қадамды «xAI-дың басты мақсаты – Ғаламды тану жолындағы қажетті қадам» деп сипаттады.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары