6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАмерикалық кәсіпкер және Tesla компаниясының басшысы Илон Маск әлеуметтік желідегі Х (бұрынғы Twitter) парақшасында жасанды интеллект арқылы жасалған шағын бейнежазбамен бөлісті. Видеода Optimus адам тәрізді роботтарының әртүрлі кәсіби рөлдерде көрсетілгені бейнеленген, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Илон Масктың айтуынша, роботтар құрылысшы, дәрігер, полиция қызметкері, аспаз, тіпті покер ойыншысы рөлдерін орындайды. Бірақ кәсіпкер бұл бейнежазбаны бөліскенімен, қосымша түсініктеме берген жоқ.
Еске сала кетейік, осы жылдың қазан айының соңында Wired басылымы Маск «роботтар армиясын» құруға ниетті екенін хабарлаған болатын. Сонымен қатар, ол жазбада Tesla компаниясына бақылауды күшейту қажеттігін де атап өткен.
Мұндай қадам робототехника мен жасанды интеллекттің дамуы компанияның болашақтағы стратегиялық бағыттарын көрсетуімен қатар, өнеркәсіп пен қызмет көрсету саласында роботтардың әлеуетін көрсетуге арналған маңызды қадам болып саналады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі