6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерКәсіпкер Илон Маск өзінің онлайн-энциклопедия нұсқасын іске қосты. Жаңа жоба Grokipedia деп аталады. Бұл туралы The New York Times басылымына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Басылым мәліметінше, Grokipedia сайты – әйгілі Wikipedia-ның баламасы ретінде 27 қазанда іске қосылған. Қазіргі уақытта онда жасанды интеллект көмегімен жазылған 800 мыңнан астам жазба бар. Салыстырмалы түрде, Wikipedia базасында шамамен 8 миллион мақала жинақталған. Энциклопедияның атауы Масктың xAI компаниясы әзірлеген Grok атты жасанды интеллект жүйесінің атауынан алынған.
Маск бұған дейін, 2025 жылдың қыркүйегінде, X әлеуметтік желісінде Grokipedia Wikipedia-дан әлдеқайда жетілдірілген платформа болатынын мәлімдеген еді. Ал қазан айында жаңа жобасын таныстыра отырып, энциклопедияның басты мақсаты «насихаттауды жоюға бағытталған жұмыс» екенін атап өткен.
Бұған дейін Маск Wikipedia-ға қаржылай қолдау көрсетуді тоқтатуға шақырған, себебі ол платформаның редакциялық саясатын сынға алған болатын.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі