6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерSpaceX және Tesla компанияларын басшысы, кәсіпкер Илон Маск АҚШ-тың болашақ президенті ретінде қазіргі вице-президент Дж. Д. Вэнсті көретінін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Politico басылымы мәлімдегендей, Маск мұндай пікірді АҚШ үкіметінің тиімділігін арттыру жөніндегі ведомство қызметкерлерімен өткен жабық онлайн-кездесу барысында жеткізген. Сол жиында ол «АҚШ алдағы 12 жылдық жаңа дәуірдің басында тұр» деп атап өткен. Сарапшылардың пайымынша, бұл сөз Трамптың қазіргі президенттік мерзімі және Вэнстің ықтимал екі каденциясы туралы меңзеуі мүмкін.
Илон Масктың Вэнспен қарым-қатынасы жақсы екені белгілі. Ал Трамппен байланысы соңғы кезде нашарлай бастағаны байқалады. Дегенмен Дж. Д. Вэнс 2028 жылы өтетін президенттік сайлауға қатысты әзірге нақты шешімін жариялаған жоқ. Конституцияның 22-түзетуіне сәйкес, Дональд Трамп үшінші мерзімге түсе алмайды.
Бұған қоса, Маск бұған дейін өзін, Трамп пен Вэнсті АҚШ-та қастандық жасалуы мүмкін ең ықтимал тұлғалардың қатарына жатқызатынын жеткізген.
Bloomberg мәліметінше, Илон Масктың байлығы шамамен 450 млрд долларды құрайды. Бұл көрсеткіш оны әлемдегі ең бай адамдардың алғашқы қатарында ұстап тұр.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі