28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАҚШ-тың Теннесси штатындағы Мемфис қаласында Илон Масктың xAI компаниясына арналған алып есептеу орталығының құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жаңа нысан көлемі 46 гектардан астам аумақта орналасқан қазіргі орталықпен бәсекелес болмақ. The Wall Street Journal (WSJ) басылымының хабарлауынша, ғимараттың құрылысы аяқталуға жақын.
Масктің айтуынша, жаңа орталықта жасанды интеллект үшін 500 мыңнан астам графикалық процессор орнатылады. Жобаға «Colossus 2» («Колосс 2») деген атау берілген – ол дәл осы аймақта орналасқан алғашқы «Колосс» орталығының «інісі» іспетті.
WSJ дереккөздерінің мәліметінше, құрылысты толық аяқтау үшін тағы 300 мың Nvidia графикалық процессоры қажет. Тек осы чиптердің құнының өзі кемінде 18 миллиард долларды құрайды. Бұл сомаға бұрын орнатылған жүздеген мың процессор мен ғимарат құрылысына кеткен шығындар кірмейді.
Бірінші «Колосс» орталығы рекордтық мерзімде салынған болатын. Маск сол кезде нысанды тезірек іске қосу үшін жергілікті экологиялық талаптарды айналып өтіп, уақытша метан генераторларын пайдаланған. Кейін ол орталықтың электр қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жақын маңдағы электр станциясын сатып алды. Дәл осындай қадамды енді «Колосс 2» үшін де жасауға тура келеді.
Мемфис қалалық сауда палатасының өкілі Билл Данаванттың айтуынша, небәрі бір жыл ішінде xAI компаниясы FedEx-тен кейінгі екінші ірі салық төлеуші атанған.
Алайда бұл жобаның екінші жағы да бар. Табиғи ресурстарды қорғау кеңесінің (NRDC) мәліметінше, жаңа нысан аймақтағы ең ірі экологиялық ластаушылардың біріне айналуы мүмкін. Жергілікті тұрғындар жарықтың жиі өшуіне, коммуналдық тарифтердің қымбаттауына және ауаның ластануына шағымдануда.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?