Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАмерикалық миллиардер, Tesla және X (бұрынғы Twitter) компанияларының негізін қалаушы Илон Маск алдағы онжылдықта смартфон дәуірі аяқталатынын, ал олардың орнын жасанды интеллектке негізделген құрылғылар басатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол америкалық жүргізуші Джо Роганға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Масктің сөзінше, бүгінгі күні біз қолданып жүрген телефондар болашақта мүлде басқа сипатқа ие болады:
Қазір “телефон” деп жүргеніміз — ЖИ арқылы бейнеталдау жасайтын және байланысқа арналған радиомодульдері бар құрылғыға айналады. Яғни сіздің сервердегі жасанды интеллектіңіз тікелей құрылғыңыздағы ЖИ-мен өзара әрекеттеседі, — деді Маск.
Кәсіпкердің пікірінше, болашақта операциялық жүйелер мен мобильді қосымшаларға қажеттілік болмайды. Олардың орнын экран және дауыс арқылы басқарылатын, жасанды интеллектке толық интеграцияланған құрылғылар басады. Бұл құрылғыларда ИИ негізгі басқару және талдау функцияларын өз мойнына алады.
Масктың айтуынша, даму қарқыны сақталса, жасанды интеллект жақын жылдары адамның ойы мен тілегін алдын ала түсінуге және болжауға қабілетті болады.
ЖИ сізден бұрын не қажет екенін өзі анықтап, сіз ойлаған нәрсені болжай алатын деңгейге жетеді, — деді ол.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары