Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЖурналист Руслан Өтепбай Ілияс Сариевке қатысты жаңа тың деректерді жариялап, тағы бір даулы жағдайдың бетін ашты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, Ілияс Сариев 10 жастағы ауыр дертке шалдыққан Інжудің еміне жиналған қаражатты толық бермеген. 2024 жылдың ораза айында Ілияс Сариев Інжудің емі үшін Ақтоты есімді еріктінің есепшотына қаражат жинау науқанын бастаған. Сонымен қатар, блогер өзінің көлігін сатып, түсетін қаржыны науқас қыздың еміне жұмсаймын деп ата-анасына уәде еткен. Қысқа мерзім ішінде халықтың қолдауымен 27 миллион теңге жиналған. Алайда журналистік зерттеу нәтижесінде белгілі болғандай, Ілияс Сариев Інжудің ата-анасына тек 9 миллион теңге берген.
Сол қаражатпен ата-ана қызын Үндістанға емдеуге апарғанымен, өкінішке қарай, ем нәтиже бермей, 10 жастағы Інжу екі аптадан кейін туған жері Оралда қайтыс болды. Қайғылы оқиғадан кейін Ілияс Сариев 27 миллион теңгенің қалған 18 миллионына Інжудің ата-анасына Орал қаласынан баспана алып беремін деп уәде еткені белгілі болды.
Алайда журналист Руслан Өтепбайдың айтуынша, ауыр қайғыдан қан жұтқан отбасы уәде етілген баспананы сол күйі ала алмаған. Бұл жағдай қоғамда үлкен резонанс туғызып, Ілияс Сариевтің әрекетіне қатысты сын пікірлердің көбеюіне себеп болды.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады