Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарSpaceХ өзінің алғашқы аса ауыр Falcon Heavy зымыран тасығышын жіберді. Бұл атаулы оқиғаны компанияның YouTube-каналы тікелей эфирде көрсетті. Бұл ғаламат сәтті миллионнан астам адам тамашалады.
Зымыран Флоридада орналасқан Кеннеди 39А ғарыш айлағынан Астана уақытымен түнгі 02:45-те көкке көтерілді. Ал бастапқы ұшырылу терезесі Астана уақытымен 00:30-да ашылғанымен, қатты желдің кесірінен компания бірнеше рет уақытын кейінге шегеруге тура келген еді. Зымыранның жылдамдық қосатын бөлігі сәтті Жерге оралды.
SpaceX жаңа Falcon-ды әлемдегі ең мықты зымыран деп отыр. Оның ең жоғары жүктасығышы 64 тоннаға жетсе, ал Марсқа 17 тонна жүкті жеткізе алады.
Зымыран пайдалы жүк Tesla Roadster автомобильін Жер мен Марс траекториясымен қиылысатын созыңқы күн төңірегіндегі орбитаға жеткізді. Оны тікелей марс орбитасына жеткізу ықтималдылығын Маск төмен бағалады. Осы жоба сәтті болса, 2018 жылы Falcon Heavy тағы екі рет ұшырылмақ (Arabsat 6A (Сауд.Арабия үшін) және Space Test Program 2 (ВВС АҚШ үшін).
Falcon Heavy-ның конструктивті бірінші сатысы орталық бөлік пен бірнеше қапталдық жылдамдатқыштан тұрады, ол Falcon 9 ауыр зымыранының бірінші бөлігінің жетілдірілген түрі.
Аса ауыр зымыранның жалпы құны 90-120 миллион долларға бағаланып отыр.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?