23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Іле-Алатау ұлттық паркінде көктемнің жарқын белгілерінің бірі – кәдімгі жабайы өрік тоғайларының гүлдеу кезеңі басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметінше, ұлттық паркте Қазақстанның Қызыл кітабына енген 37 өсімдік түрі бар. Олардың қатарында сирек кездесетін және ерекше қорғауды, әрі қарай зерттеуді қажет ететін жабайы өріктер де бар. Осы мақсатта 2007 жылы Талғар филиалының Қотырбұлақ орман шаруашылығында өріктің орман генетикалық резерваты құрылды. Жалпы аумағы – 168 гектарды құрайды.
Өрік – жемісті және биологиялық әртүрлілікті сақтау үшін үлкен маңызға ие генетикалық ресурс болып табылады. Жабайы өріктің гүлдеуі – тек экологиялық тұрғыдан маңызды ғана емес, сонымен қатар көркем табиғи құбылыс болып саналады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік