Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарІле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің «Герань алаңы» маңында жарақат алған Сингапурдан келген туристке көмек көрсетілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Алдын ала мәлімет бойынша, турист бас-сүйек ми жарақатын және аяқ-қолдарынан жарақат алған. Оны эвакуациялау үшін сағат 17:30-да «БАУ» бақылау-құтқару бекетінен бес құтқарушы мен бір техника бірлігі жолға шықты.
Сағат 18:30-да құтқарушылар оқиға орнына жетіп, зардап шеккен әйелге алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетті және төменге тасымалдауды бастаған. Одан әрі ауруханаға жеткізу үшін «Аюсай» визит-орталығынан жоғары орналасқан шлагбаумға жедел жәрдем бригадасы шақырылды.
Құтқару қызметі таулы жерлерде серуендеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауды және алдағы маршрут жайлы туыстарды немесе жедел қызметтерді алдын ала хабардар етуді ескертіп отыр.
Бұл ретте зардап шеккен туристке құтқарушылар келгенге дейін шұғыл көмек көрсеткен альпинистер Андрей Алмазов, Виталий, Захар Мит және травматолог-дәрігер Доктор Морозовтың кәсібилігі мен жанашырлығы ерекше маңызға ие болғанын айта кетуіміз керек.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?