Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖамбыл облысында 40 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Polisia.kz мәліметінше, оның ауласынан каннабис өсімдіктері табылды. Үйін тексеру кезінде кептірілген және кептірілмеген марихуананың 144 түбі алынды. Жалпы салмағы – 240 келі. Барлық тәркіленген есірткінің салмағы 239 келі болды.
Ұлытау облысында тағы бір азамат қолға түсті. Одан марихуана мен гашиш алынды. Жалпы салмағы 20 келіден асты.
Қарағанды қаласында оңтүстік өңірлерден жеткізілетін есірткі арнасы тоқтатылды. Теміржол вокзалы маңында 75 жастағы ер адам ұсталды. Одан гашиш пен марихуана табылды. Жалпы салмағы шамамен 10 келіні құрайды. Көлігін тексеру кезінде жүксалғышынан тағы екі брикет марихуана шықты. Анықталғандай, салмағы 20 келі шамасында болды.
Биыл ІІМ 4 655 есірткі қылмысын әшкереледі. Заңсыз айналымнан 11 тоннадан астам есірткі алынды. Оның ішінде 1 тоннадан астамы синтетикалық заттар бар. Синтетикалық есірткі жасайтын 11 зертхана жойылды. 24 тонна химиялық зат тәркіленді. Оның 6 тоннадан астамы – прекурсорлар. Есірткі жарнамасына қатысты 105 қылмыстық іс қозғалды. Есірткі мен психотроптық заттарды насихаттаған 20 мыңға жуық интернет-ресурс бұғатталды, - деді ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?